Алматыда 1-шілдеден бастап жылыту ақысы тұрғындар үшін 20% қымбаттайды
«Алматы жылу жүйесі» компаниясы қаланың жылу желілерінде 1 шілдеден бастап тариф көтерілетінін мәлімдеді.
Осылайша, тұрғындар бұрын жылумен жабдықтау қызметі үшін 5 839,23 теңге төлеп келсе енді 7 007,08 теңге болады.
«Бизнес үшін 30% – 12 870,44 теңгеден 16 731,57 теңгеге дейін/Гкал құрайды. Негізгі жүктеме бюджеттік ұйымдарға жүктеледі, мөлшерлеме 36% -ға – 25 698,42 теңгеден 34 971,84 теңгеге/Гкал-ға дейін ұлғаяды», делінген хабарламада.
«Алматы жылу жүйесі» бұл шешімін «Тарифтерді инвестицияға айырбастау» мемлекеттік саясатын іске асыру мақсатында деп түсіндіреді. Тарифтерді көтеруден түскен қаражат жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталатын болады.
«Қосымша қаржыландыру апаттылықты азайтуға және көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді. 2023 жылғы жағдай бойынша жылу желілерінің тозуы 59,2% -. құрайды. 2023-2026 жылдары 116 км коммуникацияларды жаңарту жоспарлануда, бұл тозуды 8% – дан астамға төмендетуге мүмкіндік береді», делінген ақпаратта.
Тарифтерді көтеруге қатысты Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті 23 маусымда бұйрық шығарған.