БЖЗҚ инвестициялық портфельді басқарушы 5 компанияның тізімін жариялады

Жарияланды (жаңартылды )
ЕНПФ
БЖЗҚ / Аскар Ахметуллин

1 шілдеден бастап, әлеуметтік кодекске өзгеріс енгізіледі. Соған сәйкес БЖЗҚ сенімгерлік басқаруға беруге болатын компаниялар тізімін жариялады.

Олар:
• «First Heartland Jusan Invest» АҚ
• «BCC Invest» АҚ – «Банк ЦентрКредит»АҚ еншілес ұйымы
• «Halyk Global Markets» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕҰ)
• «Сентрас Секьюритиз» АҚ
• «Halyk Finance» Қазақстан Халық Банкі ЕҰ» АҚ

«2023 жылдың 1 шілдесінен бастап міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына беру кезінде зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі бұдан былай ескерілмейді. Салымшы жоғарыда аталған жинақтарының 50% дейін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруге құқылы», дейді «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасы Жаннат Құрманов.

Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік Ұлттық Банктің басқаруындағы жинақтар бойынша ғана беріледі. Салымшы жинақтарды бір немесе бірнеше ИПБ-ға аударған кезде жинақтардың сақталуы мен табыстылығын осы компаниялар қамтамасыз етпек.

Сондықтан, БЖЗҚ азаматтарды өз жинақтарын ИПБ басқаруына аудармай тұрып, БЖЗҚ сайтынан нарықтағы басқарушы компаниялардың қолданыстағы тізбесін қарап, олардың инвестициялық декларацияларын, инвестициялық қызметтеріне шолуларды, инвестициялау тәжірибесі мен нәтижелерін зерделеп, тәуекелдерді бағалауға кеңес береді.

Сонымен бірге, БЖЗҚ өкілі зейнетақы жинақтарын ИПБ сенімгерлік басқаруынан Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруына қайтару мүмкіндігі берілетін мерзім 2 жылдан 1 жылға дейін қысқаратынын мәлімдеді.

Зейнетақы жинақтарын бір немесе бірнеше ИПБ-ға аудару, сондай-ақ, жинақтарды Ұлттық банктің басқаруына қайтару үшін салымшы БЖЗҚ-ға өтінішпен жүгінуі қажет. Оны БЖЗҚ сайтындағы Жеке кабинет арқылы не БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесінде жүзеге асыруға болады.

Сондай-ақ оқыңыз