Қазақстан органикалық өнім экспорты бойынша 123 елдің ішінде 9-шы орында тұр

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Қазақстан органикалық өнім экспорты бойынша 123 елдің ішінде 9-шы орында тұр. Бұл жайлы Мәжіліс отырысында ҚР Парламенті сенатының Аграрлық мәселелер, Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Әли Бектаев айтты.

Заңда не қамтылады?

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне органикалық өнім өндіру және оның айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде бірінші оқылымы барысында Комитеті төрағасы 2015 жылы Органикалық өнім өндіру туралы қабылданған заңның органикалық өнім өндірушілердің құқын толық қорғай алмайтынын және өнім өндірудің халықаралық тәжірибесіне сай келмейтінін айтты.

«Әлемдік тәжірибе көрсетіп оытрғандай органикалық ауыл шаруашылығын дамытудың маңызы өте зор. Өйткен бұл перспективалық бағыт және аграрлық саланың рентабельдідігін, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Қазіргі уақытта органикалық өнімдердің әлемдік нарығы 12 млрд еуроны ққұрайды және ол белсенді өсуде. Соғңы 20 жылда оның көлемі 7 есеге өсті. Яғни бұл сала әлемдік трендке айналып отыр. Халықаралық ұйымдардың бағалауы бойынша органикалық өнім экспорты бойынша Қазақстан 123 елдің ішінде 9-шы орын, органикалық бидай экспорттаушы елдер арасында 4 орында, Еуроодаққа органикалық майлы зығыр тұқымын экспорттау бойынша 6-шы орында тұр.Органикалық өнім өндіру туралы заң 2015 жылы қабылданған, алайда бұл заң органикалық өнім өндірушілердің құқын толық қорғай алмайды және өнім өндірудің халықаралық тәжірибесіне сай келе бермейді»,- деді ол.

Ал ұсынылып отырған жаңа заң жобасы және оған ілеспе түзетулер топтамасы органикалық өнім өндіру және оның айналымы саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленіп, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге, органикалық өнімнің ішкі нарығын қалыптастыру мен дамытуға жәрдемдесуге, сыртқы нарықтарда отандық өндірушілердің органикалық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Заңда бірлескен кепілдіктер жүйесінің қалыптасуы мен оның жұмыс істеуіне, сондай-ақ органикалық өнім өндірушілерді топтық сертификаттауға қатысты нормалар қайта қаралды. Бұл заң жобасының жаңалығы органикалық өнім өндіру кезінде бірлескен кепілдіктер жүйесін қалыптастыру. Осы жүйе бойынша шағын фермерлер жергілікті нарықтың ауыл шарушылығы өнімдеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ерікті түрде бірігеді және оның сапасына ұжымдық түрде жауап береді. Бірлескен кепілдіктер жүйесіне кірген кәсіпкердің өнімі шетелге шығарылмайды. Ол өнімдерді өз елімізде тұтынамыз.

Бұл орайда депутат Динара Шүкіжанова елде тұтынатын өнімдердің сапасы сыртындағы белгісіне сай келе бермейтінін айтты.

«Елдің ішкі нарығында «эко», «органик», «био» деген маркамен өнімдер сатылады. Алайда шын мәнінде ол таза өнім болып саналмайды. Заң бойынша сертификациядан өтпеген өнімді таңбалауға тыйым салынады. Бұл мәселені заң реттай ала ма?» деп сұрады.

Ауыл шарушылығы министрлігінің өкілі ішкі айналымдағы тауарлар осы күнге дейін Тұтынушылар құқын қорғау жөніндегі комитетте тексеріліп келгенін, енді санитарлық эпидемиологиялық комитеттің бақылауына өтіп, толық тексерілетінін айтты. Ал өнімнің таза екенін растайтын сәйкестік сертификаты берілген соң, оған қосымша ұлттық сәйкестік таңбасы қойылады. Бұл таңба өнімнің тазалығының кепілі болмақ.

Заңның шикі тұстары

Сонымен бірге депутаттар заңның әлі де шикі екенін айтты. Бірі бұл сала бойынша нақты статистиканың жоқтығын айтса, екіншісі жердің жағдайы толыққанды зерттелмегенін, үшіншісі елде лайықты лабораториялық зерттеу жүргізуге жағдай жасалмағанын тілге тиек етті.

«Ауыл» партиясының мүшесі Жигули Дайрабаев елімізде нақты органикалық өніммен айналысатын кәсіпкерлер туралы нақты статистиканың жоқ екенін айтып, ауыл шаруашылығы министрлігін қазірден «өтірікке басады» деп айыптады.

«Елімізде қанша кәсіпкер бар? Олардың жылдық табысы қанша? Нақты статистика бар ма? Ең алдымен статистикасын түгендеңіздер. Олардың барлығын нақтылап алмай заң қабылдаса, өтірік болып кетеді. Ауыл шаруашылығы министрлігі қазірден бастап өтірікке басады, соны айтып жатырмын», деді депутат. Бұл орайда ауыл шаурашылығы министрлігінің өкілі расымен статистиканың жасалмағанын айтты.

Депутаттың бұл сауалына Әли Бектаев та жауап берді:

«Көтеріп отырған мәселе расымен маңызды. Осы уақытқа дейін жұмыс жасап келген заңның ең үлкен кемшілігі статистика болды. 2015 жылы Заң қабылданғалы бері біздің кәсіпорындардан бірде-біреуі сертификациядан өтпеген. Себебі талаптары өте қиын болды. Бұрынғы заң бойынша органикалық өнімнің өндірісі мен өнімді сертификациялау қажет еді. Өндірісті сертификациялауға болады. Ал енді өнімге келген кезде оның сапасын, басқасын анықтау қиынға соғады. Ал өнімнің сертификациясы болмаса, ол өнім ешқайда өтпейді. Сондықтан заң жобасына өнімді емес, өндірісті сертификациялау мәселесі енгізіліп отыр. Статистика осыған байланысты жүргізілетін болады. Жалпы бізде статистика 3 жақтан жүргізіледі. Біріншісі – Сауда және интеграция министрлігінің комитетінде, екіншісі – арнайы үш қоғамдық ұйым бар сол жерде және Еуропадағы халықаралық ұйымы жүргізеді. Үшеуінің статистикасы үш түрлі. Еуропалық ұйымның статистикасы бойынша бізде 200-ден астам органикалық тауар өндіруші бар. Ал елдегі қоғамдық ұйымның статистикасында 72 деп көрсетілсе, Сауда және интегрция министрлігіндегі комитет статистикасында 32 деп көрсетілген. Мына заң сатистиканы да өнімді де қадағлауға мүмкіндік береді», деді ол.

Топырақ құрамы зерттелмеген

Депутаттар еліміздегі егістік және мал шаруашылығы жерлерінің жағдайы толық зерттелмегенін, органикалық өнім егетін топырағы таза жерлердің жағдайы нашар екенін айтты.

«Елімізде барлық жайылымдық жерлердің 70 пайызы органикалық мал шарушылығына жарамды. Алайда қазіргі таңда 29 млн гектар жер мүлдем жарамсыз. 90 млн гектар жердің әбден тозығы жеткен. Ауыл шаруашылығы министрлігі осы жерлерді қайта қалпына келтіруді қарастырып жатыр ма? Бұған байланысты қандай шаралар жүргізіліп жатыр?» деді депутат Қазбек Әлішев.

Ауыл шарушалығы министрлігінің өкілі елімізде 85 млн гектар бос жерлердің бар екенін, ол жерлерде минералдық және басқа да тыңайтқыштар пайдаланылмағанын, дәл солардың органикалық айналымға өтетінін айтты.

Ал Депутат Бақытжан Базарбек мұнымен мәселе шешіле салмайтынын айтады. Жерді органикаға пайдалану үшін Жер Кодексіне өзгеріс енгізу керек деп санайды.

«Заң жобасын мен толығымен қолдаймын. Бірақ біз органикалық өнім шығару туралы мәселені көтеріп жатырмыз. Елімізде топырақтың құрамы нашарлап кеткен. Сонымен бірге еліміздегі жерлердің жалпы жағдайы туралы  ақпарат жоқ. Тәуелсіздік алғалы біздің ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлердің құнарлылығы зерттелмеген.  Жердің жағдайын бағаламай жатып, біз қалай органикалық өнімге көше аламыз? Органикалық өнім туралы заңды енгізбес бұрын, Жер Кодексін өзгерту керек. Егер жер кодексінде органикалық өнім шығару туралы норма болмаса онда біз бұл өнімді қалай шығарамыз?«, дейді Бақытжан Базарбек.

Сонымен бірге депутат қазір ауыл әкімдіктерінің жерлерді құрылысқа беріп, құнарлы жерлердің нысаналы мақсатын ауыстырып жатқанын, бұл орайда қанша органикалық өнім шығаруға икемді алқаптардың құрылыс мақсатына ауысып кеткенін ауыл шаруашылығы министрлігінің анықтауын сұрады.

«Рас. Жерлердің барлығы тозған. Органикалық өнім түгілі жай өнім алудың өзі қиын. Сол себепті мұндай өнімге берілетін жерлер арнайы таңдалады. Біз сол жерлердің органикалық мақсаттарда пайдалануы үшін заңнамалық негізін жасап беруіміз керек», деді өз кезегінде Әли Бектаев.

Ал депутат Еділ Жаңбыршин сертификациялау үшін еліміздің әр аумағында арнайы лабораториялар болуы керектігін айтты.

«Сәйкестік сертификатын өнім өндірушіге беру үшін өнім толық зерттелуі тиіс. Ол өнімді зерттейтін лаборатория болуы керек емес пе?! Біздің ел ондай лабораториялармен қаншалықты қамтылған? Ол лаборатория топырақты да зерттеуі керек, өсіп келе жатқан өсімдікті де зерттеуі керек, шыққан өнімді зерттеу керек болады. Ертең Оңтүстіктегі шаруа сертификат алу үшін Астанадағы зертханаға өнімін алып шапқылап жүрмей ме? Сонымен бірге еліміздегі кәсіпкерлер Еуропалық стадарттармен жұмыс істеп жүр. Олар өндірістің басынан-аяғына дейін қадағалайды. Біз де сол Еуропалық стандарттар бойынша жұмыс істей аламыз ба? Әлде бармақ басты, көз қысты болып органиканың орнына басқа нәрсе жеп отырамыз ба?» деп сұрады.

Депутаттың бұл сауалына Аграрлық мәселелер, Табиғатты пайдадалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы:

«Бізге арнайы лабораториялырды ашудың керегі жоқ. Елімізде сауда министрлігі жанынан құрылған мемлекеттік стандартты анықтайтын, сертификат беретін комитет бар. Сол комитеттердің тиісті лаброаториялары бар. Бұл іспен сол комитеттің зертханалары айналасытан болады. Заңда органикалық өнімнің өнідірісіне көп мән берілген. Яғни заңда көрсетілген өндіріс талаптары бар, соған сай болуы керек. Бізде сол заңмен бекітілген жүйе жұмыс жасауы керек. Ал енді заң шыққан соң оны кімнің қалай айналып өткісі келетіні, екінші мәселе. Онымен тиісті органдар айналысуі тиіс» деп жауап берді.

Сондай-ақ оқыңыз