Фото: kursiv.media
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Газ бөлу кешені құрылысы» жобасын жүзеге аcыру 2024 жылдың 1 тоқсанына басталатынын хабарлады.
«Газ бөлу кешенінің құрылыс» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы аяқтау 2024 жылдың 1 тоқсанына жоспарланған. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталғаннан кейін, 2024 жылдың ортасына қарай «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ инвестициялар бойынша түпкілікті шешім қабылдайды», делінген хабарламада..
Инвестициялар бойынша қабылданған түпкілікті шешім нәтижесінде «Самұрық-Қазына» АҚ-ның сатып алу рәсімдеріне сәйкес «Газ бөлу кешенінің» нақты жобасы мен құрылысына дәл осындай жобаларды жүзеге асыруда тәжірибесі бар халықаралық компаниялар арасында ашық тендер өткізіледі.
Компания осыған байланысты құрылыс жұмыстарына ешқандай мердігерлер тартылмағанын және 2024 жылдың ортасына дейін тартылмайтынын мәлімдеді.