«Самұрық-Қазынаға» қарасты көмір өндіру кәсіпорнында 830 млн теңге жымқырылған

Жарияланды

Қаржы мониторингі агенттігі капиталының 50%-ы «Самұрық-Қазына» қорына тиесілі көмір өндіру кәсіпорнында бюджет қаражаты жымқырылғанын анықтады.

ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті «Богатырь-Көмір» ЖШС-мен бірлесіп жүргізген тексеру барысында күдіктінің 2020-2022 жылдар аралығында аталған кәсіпорынның қабылдау комиссиясымен алдын ала сөз байласып, серіктестік қаражатын жүйелі түрде жымқырып келген.

«Схема жалпы сомасы 830 млн теңгені құрайтын жаңа бөлшектердің орнына айтарлықтай тозған пайдаланылған қосалқы бөлшектерді жеткізуден тұрды. Бұл әрекеттер мемлекетке аса ірі көлемде материалдық залал келтірген. Күдіктіге қатысты сот «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасын таңдалды», делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыз