Жаңалықтар

«Вагнер» жасағы ауыр әскери техникасын Ресей қарулы күштеріне тапсырады

Фото: Reuters

Ресей Қорғаныс министрлігі «Вагнер» жеке әскери компаниясы ауыр әскери техникаларын Ресей Қарулы Күштеріне тапсыруға дайындалып жатыр. Бұл жайлы Ресей қорғаныс министрлігі хабарлаған.

«Вагнер» жасағы ауыр әскери техниканы Ресей Қарулы Күштерінің белсенді бөлімшелеріне беруге дайындалып жатыр«, – делінген министрлік хабарламасында.

Ал «Вагнер» жауынгерлері өз қалауымен Қорғаныс министрлігімен келісім-шартқа отыра алады, қаламаса үйлеріне немесе Беларуське кете алады. Ресей Президенті Путин дүйсенбі күні үндеу жариялап, «Вагнер» жауынгерлерінің таңдау жасауына мүмкіндік берді.

Естеріңізге сала кетсек, сенбі күні «Вагнер» жасағының басшысы Евгений Пригожин қарулы көтеріліс жасап, Дондағы Ростов, Воронеж қалаларын басып алды. Мәскеуге жорыққа шыққан оны Белорусь президенті Александр Лукашенко ойынан айнытып, кері қайтты.