Жаңалықтар

2022 жылы «ҚазМұнайГаздың» ел экономикасына қосқан үлесі 2,3 трлн теңгені құрады

Фото: КазМұнайГаз

2022 жылы ҚМГ-нің ел экономикасына қосқан үлесі 2,3 трлн теңгені құрады. Бұл жайлы 27 маусымда «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысында «ҚазМұнайГаз» Басқарма Төрағасының орынбасары Диана Арысова мәлімдеді.

«2022 жылы ҚМГ-нің ел экономикасына қосқан үлесі 2,3 трлн теңгені құрады. 1,8 трлн салық, акционерлерге дивиденд (200 млрд) төлеуге, инвестициялық жобаларға жəне отандық өндірушілерден тауар сатып алуға жұмсалды. Ал 85 млрд қайырымдылыққа, өңірлерге, қызметкерлерге əлеуметтік қолдау көрсетуге, сауықтыруға және білім беруге бағытталды», деді Диана Арысова.

«ҚазМұнайГаз» өкілі өз баяндамасында 2022 жылы ҚМГ акционерлеріне 2021 жылға 200 млрд теңге дивиденд төлегенін, биыл төленген дивиденттер көлемі 300 млрд теңге болғанын айтты. Ал компанияның ел бюджетіне былтыр төлеген салық пен басқа да төлемдер рекордтық 1 трлн 176 млрд теңгеге жеткен.

Сонымен бірге ҚР бойынша ҚМГ-ға мұнай өндіру көлемінің 26%, мұнай тасымалының 50% астамы жəне мұнай өңдеудің 84% тиесілі. ҚМГ-ға «Самұрық-Қазына» активтерінің 45% тиесілі болса, мемлекеттік бюджет кірісіндегі ҚМГ үлесі – 9%.