Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Жарияланды

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

«Қадірлі отандастар! Сіздерді Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – Исламның тағылымы мол діни дәстүрі. Құрбан айт адамдарды мейірімді, адал, жанашыр болуға, адамзаттың бәріне құрметпен қарауға үндейді. Осы құндылықтар ұлттың рухани өрлеуіне, қоғамда жауапкершілік пен әділдік қағидаттарын орнықтыруға ықпал етеді», деді Президент.

Мемлекет басшысы айт күндері мұсылман қауым бір-бірін құттықтап, жақындарына амандық пен жақсылық тілеп, шынайы көңілмен мұқтаж жандарға жәрдемдесетінін, бұл өз кезегінде жұртшылықты жақындастырып, еліміздегі жалпыұлттық бірлікті, бейбітшілікті және келісімді нығайта түсетінін айтап өтті.

«Мейірімділік, имандылық, қайырымдылық – халқымызға тән ізгі қасиеттер. Ұлық мерекенің ұлағаты жұртымыздың табиғатына етене жақын. Сондықтан бұл мейрам ұлттық салт-дәстүрімізбен біте қайнасып, бірге жасап келеді. Баршаңыздың дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Айттан айтқа аман-есен жете берейік!» деді ол.

Сондай-ақ оқыңыз