Банктер рейтингінде Kaspi bank көш басында тұр

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Baker Tilly Qazaqstan Advisory компаиясы мен «Forbes Kazakhstan» журналы банктер рейтингісінің қорытындысын жариялады.

«2022 жылдың қорытындысы бойынша Kaspi Bank активтер мен меншікті капиталдың кірістілігінің жоғары көрсеткіштеріне сүйене отырып, қазақстандық банктердің рейтингінде көшбасшы орындарда қалды», – деп атап өтті рейтинг авторлары.

Бұл рейтинг «Тұрақтылық», «Тиімділік», «Кірістілік» және «Рейтингтік агенттіктерді бағалау» сияқты 12 көрсеткіш бойынша барлық қазақстандық банктер арасында жүргізілген. Нәтижесінде Kaspi жалпы ұпай саны бойынша абсолютті көшбасшы атанып, алғашқы орнын ешбір банкке бермеген.

«Kaspi.kz миссиясы – сүйікті тұтынушыларымыз бен серіктестеріміздің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтерді жасау. Бүгінде біз банктен де үлкен ұйымға айналдық. Біздің Kaspi.kz мобильді қосымшасын 12 миллионнан астам қазақстандық, ал Kaspi Pay қосымшасын 500 мыңға жуық кәсіпкер пайдаланады», дейді Kaspi.kz басшысы және тең құрылтайшысы Михаил Ломтадзе.

Ол сонымен бірге банк қосымшасы арқылы маңызды шаруалар жылдам атқарылатынын, сол себепті де тұтынушылар таңдауы Kaspi банкке түсетінін айтты.

«Kaspi.kz қосымшасы арқылы көлікті қайта тіркеуге, үйге тамаққа тапсырыс беруге, әуе билетін алуға, балабақшаға төлеуге, анаңызға ақша жіберуге, депозит ашуға және басқа да көптеген маңызды міндеттерді шешуге болады. Kaspi Pay бизнес қолданбасы серіктестерімізге өз бизнесін басқаруға, сатылымдарды арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектеседі. Осы ыңғайлы және бірегей қызметтердің барлығын біздің Қазақстандағы таңғажайып командамыз жасайды. Бізбен бірге болғандары үшін әрбір сүйікті клиенттеріміз бен серіктестерімізге рахмет! Даму мен жаңашылдықты қолдайтын біздің командаға да рахмет! Сонымен бірге рейтинг ұйымдастырушыларына – еңбегімізді жоғары бағалағаны үшін алғысымды білдіремін!» деді банк басшысы.

Сондай-ақ оқыңыз