Фото: kursiv.media
Францияда сәрсенбіге қараған түні полиция жасөспірімді өлтіргеннен кейін тәртіпсіздіктер басталды, деп хабарлайды ВВС.
Париж маңындағы елді-мекенде 17 жастағы көлік жүргізушісін полиция атып өлтіреді. Полицияның іс-әрекетіне наразылық білдірген топ шеруге шығады.
Жағдайды әлеуметтік желіде тараған бейнежазба ушықтыра түседі. Шерушілерді полицияның жасөспірімді қандай жағдайда атып түсіргені туралы өтірік ақпарат таратқаны ашуландырды. Полиция өкілі жасөспірім көлікпен басып кетуге әркекет жасағаны үшін қару қолданығанын мәлімдейді. Алайда бейнежазбада ондай қарсылық көрсетпегін анық көрінеді. Осылайша шеру соңы тәртіпсіздікке ұласып, полиция қызметкерлеріне қарсы көтерілген топ ондаған көлікті өртеп жібереді.
Францияның ішкі істер министрі Джеральд Дарманин бұл жағдайды «жантүршігерлік» оқиға деп бағалайды. Ал Франция президенті Эммануэль Макрон түсініксіз және кешірілмейтін жағдай деп атап, қаза тапқан отбасыға көңіл айтты.
Алжирлік 17 жастағы жасөспірім Наэльді Mercedes көлігін жүргізіп келе жатқанында ереже бұзғаны үшін полиция патрулі тоқтатып, соңында атып өлтірген. Наэл М.-ның анасы Муниа әлеуметтік желіде халықты 29 наурыз күні өтетін жерлеу маршына қосылуға шақырады.
Reuters агенттігі биыл Францияда жол ережесін бұзған адамға оқ ату жағдайы екі рет тіркелгенін, ал өткен жылы антирекорд тіркелген – мұндай 13 оқиға болғанын жазған. Ал 2021 және 2020 жылдары осындай үш оқиға болған.
Фрнацияда наурыз айында бірнеше күнге созылған көтерілістер болды. Ол кезде халық Сенат бекіткен зейнетақы реформасына қарсы ауқымды наразылық акцияларына шықты. Францияның Ішкі істер ішкі істер министрлігінің мәліметінше наразылық акциясына 1 миллионнан 3 миллионға дейін адам қатысқан. Сондай-ақ бұл ереуіл елдің бірнеше қаласын қамтыған.