Жаңалықтар

Сенат Жоғарғы соттың бес судьясын сайлады

Фото: Kursiv.media

Сенат депутаттары жалпы отырыс барысында Жоғарғы соттың бес судьясын сайлады. Сенаторларға Президент Тоқаев тарапынан балама негізде 10 судьяныың кандидатурасы ұсынылған болатын.

Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп президенттің Жоғарғы Соттың судьяларын балама негізде тағайындау туралы ұсынысын айтты.

Тізімге Алматы қалалық сотының судьясы Ерлан Айтжанов, Астана сотының судьясы Гүлнар Әбдіғалиева, Павлодар облыстық сотының судьясы Ғабит Әлжанов, Атырау қалалық сотының судьясы Гүлмира Исамберлиева, Қостанай облыстық сотының судьясы Қарлығаш Исмағұлова, Қарағанды облыстық сотының судьясы Қымбат Көміртасова, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ерлан Қосмұратов, Алматы қалалық сотының судьясы Нұрлан Құрманғалиев, Атырау облыстық сотының судьясы Бағила Нұржанова, Шымкент сотының судьясы Ляла Такиешева енді.

Денис Шипп ұсынылғандардың аудандық және облыстық деңгейде жұмыс тәжірибесі бар екенін, бірқатар судьяның лауазымды қызмет атқарып отырғанын айтып өтті.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Ерлан Айтжанов, Ғабит Әлжанов, Гүлмира Исамберлиева, Нұрлан Құрманғалиев және Ерлан Қосмұратов Жоғарғы сот судьясы. Олар Сенат отырысында ант берді.