Visa төлем жүйесі Pismo компаниясын 1 миллиард долларға сатып алды
Фото: kursiv.media
АҚШ-тың ең ірі төлем жүйесінің операторы US Visa Inc. финтех Pismo компаниясын 1 миллиард долларға сатып алды. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі хабарлады.
Pismo – Латын Америкасы, Азия-Тынық мұхиты мен Еуропа аймағында жұмыс істейтін бұлтты банкинг платформасының операторы.
«Мәміле реттеуші органдардың мақұлдауын күтіп тұр және 2023 жылдың соңына дейін жабылуы тиіс», – делінген Visa баспасөз хабарламасында.
Pismoны сатып алу арқылы Visa «сараланған шешімдерді ұсына отырып, қаржы институттары мен финтек компанияларына жақсы қызмет көрсете алады».
Pismo-ның қазіргі басшылығы компанияның басында қалады.
Visa акциялары бейсенбі күнгі алдын ала саудада тұрақты. Биылғы жылдың басынан бері олардың құны 9,7%-ға өсті.
Бұған дейін Visa компаниясы шағын бизнесті қолдау үшін «Бизнес-трамплин» жобасын іске қосатыны хабарланған.