Жаңалықтар

ВТБ Қазақстан «Мир» карталары бойынша шетелге аударымдарды іске қосты

Kursiv.media


ВТБ Қазақстан «Мир» карталары бойынша ресейлік төлем жүйесіндегі кез-келген шетелдік банк карталарына аударым мүмкіндігін іске қосты. Бұл туралы банктің баспасөз қызметінен хабарлалы.

Клиенттер VTB KZ Online мобильді қосымшасында қаражат жібере алатын болады. Аударымдарды «Мир» ВТБ Қазақстан виртуалды және пластикалық карта қолданушылары жүргізе алады.

«Мир» ВТБ Қазақстан пластикалық картасын банктің бөлімшесінде, еліміздің 17 өңірінде шығаруға болады. Оның құны 2 мың теңгені құрайды.

Наурыз айында елімізде ресейлік «Мир» төлем жүйесінің пластикалық карталарына сұраныс артқаны хабарланған болатын.

2022 жылдың көктеміне және Ресейге қарсы ауқымды санкциялар салынғанға дейін «Мир» картасы ЕАЭО елдерінде және Вьетнамда белсенді қолданылатын еді. Қазақстанда ресейлік банктердің еншілес қаржы ұйымдарында қаражатты қолма-қол шешіп алуға мүмкіндік болған еді. Алайда, қайталама санкция салынуынан қорыққан қазақстандық банктер «Мир» карталарына қызмет көрсетуді тоқтатты.

Қазіргі таңда «Мир»картасын Қазақстанда тек ВТБ банкі қабылдайды. Айта кету керек 2022 жылдың ақпан айына дейін елімізде жұмыс істеп келген және бұрынғы қалпында жұмысын жалғастырып отырған да осы аталған банк. Қазір несие ұйымына қатысты ЕуроОдақ, АҚШ, Ұлыбритания және өзге де мемлекеттер тарапынан санкциялар бар.

Бүгінде ВТБ Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда операцияларына қызмет көрсетіп отыр. Айта кету керек, халықаралық төлем жүйелерінің кетуіне байланысты, Ресейден тыс жерлерде шығарылған Visa және Mastercard карталарына ол елде қызмет көрсетілмейді.