Астанадағы автобус парктеріне жыл сайын 30 млрд теңге жұмсалады – Астана әкімі

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Астана қаласының әкімдігі автобус парктеріне жыл сайын 30 млрд теңге төлейді. Бұл жайлы Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифингте Жеңіс Қасымбек айтты.

«Еліміздің көптеген қалаларында қоғамдық көліктерде 2012 жылдан бері жол жүру бағасы өзгермегенін білесіздер. Бірақ содан бері жанармай бағасы өсті, автобустар қымбаттады, жалақы көлемі де артты. Бірақ билет бағасы өзгрессіз қалды. Сол себепті бұл саланы мемлекет субсидиялайды. Егер субсидия бермесе, автобустарда жүрудің өзіндік құны 300-теңдеген артық болар еді. Ал электронды автобустарда жүру құны тіпті қымбат, 400 теңдеген асып кетеді. Дизельді және жанармай отынымен жүретін көліктер 250-300 теңгеге барар еді. Мемлекет халықтың арзан бағамен жүріп тұруы үшін бұл саланы субсидиялап отырады. Бір сөзбен айтқанда, бұл – әлеуметтік баға. Қала автобус парктеріне жыл сайын 30 млрд теңге көлемінде субсидия береді», дейді әкім.

Сонымен бірге қала басшысы атобус парктерін қаржыландыруда бөліп жармайтынын, барлығы да субсидияланатынын жеткізді.

«Біз бір паркке субсидия беріп, екншісіне бермей қоямыз деген әңгіме жоқ. Барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттардағы автобустар жолаушылар көлемі мен жол ұзақтығына байланысты субсидияланады», деді шаһар басшысы.

Әкім автобустардың тапшылығына да тоқталып өтті. Қала бойынша күніне 950-ге жуық автобус рейске шығады. Бірақ, қаланы толық қоғамдық көлікпен қамту үшін күніне 1500 автобус шығуы керек екен. Қаладағы халық санының артып келе жатқанына байланысты әкімдік қосымша лизингке жаңа автобустар алуды жоспарлап отыр. Астана қаласының автоюус парктері жақын арада 400 жаңа автобуспен толығады.

Сондай-ақ оқыңыз