Астанада 1 шілдеден бастап су тарифтері көтеріледі

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Астанада 1 шілдеден бастап су тарифі қымбаттайды. «Астана су арнасының» хабарлауынша баға шамамен 20 пайызға көтеріледі.

«Орташа есеппен халық үшін су тарифі 20%-ға көтеріледі, бұл ақшалай есептегенде шамамен 10 теңгені құрайды. Заңды тұлғалар үшін тарифтер 35 теңгеге өседі», делінген хабарламада.

Жаңа шешімге сәйкес, тұрғындар үшін су тарифі бір текше метрге 58,15 теңге, кәрізге 45,28 теңге болады. Тарифтер 2023 жылдың 1 шілдесі мен 31 желтоқсаны аралығында қолданылады.

Компанияның мәліметінше, су және кәріз тарифтері кәсіпорынды жөндеуге қажетті қорды жинау үшін қажет.

Естеріңізге сала кетсек, Алматы қаласында да су тарифтері көтеріледі. «Алматы Су» компаниясының 1 шілдеден бастап судың бір текше метрі үшін 55,2 теңге және кәріздің бір текше метрі үшін 32,74 теңге деңгейіндегі жаңа тарифтер қолданысқа енгізіле бастайтынын хабарлаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз