Жаңалықтар

Bank RBK сауықтыру бағдарламасы аясында алған қаржыны ішінара қайтарды

«Bank RBK» АҚ Қазақстан Республикасы банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасы шеңберінде алынған қаражаттың бөлігін ішінара – мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асырды.

Банк 2017-2018 жылдары аталған Бағдарлама шеңберінде өтеу мерзімі 2032 жылғы қарашада басталатын реттелген облигацияларды шығару және орналастыру жолымен қаражат тартқан еді.

Естеріңізге сала кетейік, Бағдарлама қаражатын мемлекетке мерзімінен бұрын қайтаруды бастау туралы шешімді Банк акционерлері 2022 жылғы қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары бойынша акционерлердің жылдық жалпы жиналысында қабылдаған болатын.

29 маусымда Банк шамамен 13 млрд теңге сомаға реттелген облигацияларды сатып алу жолымен бірінші траншты жүзеге асырды. Сонымен қатар, Банк қарыз бойынша 312 млн теңге көлемінде кезекті купондық сыйақы төледі. Осылайша, 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Банк алынған қаражат бойынша 49 млрд теңгеден астам көлемде купондық сыйақы төледі.

«Bank RBK акционерлері мемлекеттен алынған ақшаны мерзімінен бұрын қайтаруды бастау туралы шешім қабылдады, өйткені Банктің тұрақты жағдайы бізге өз ресурстарымызға және нарықтық қорландыруға сүйене отырып, тұрақты өсуге және оң қаржылық нәтижелер жасауға мүмкіндік береді. Бұл тәсілді мемлекет пен жеке сектор арасындағы жауапты әріптестіктің үлгісі деп санаймыз. Алдағы жылдары да осы тәжірибені жалғастыруды жоспарлап отырмыз, одан әрі өтеу көлемі Банк қызметінің нәтижелеріне байланысты болады», – деп қабылданған шешімге Bank RBK Басқарма төрайымы Наталья Акентьева түсініктеме берді.

2021 жылғы 05 сәуірде ҚНРДА берген №1.2.100/245/41 лицензия.