Президент Абай облысында өрті сөндіруде ерлік көрсеткен азааттарды марапаттады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Абай облысында болған төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі, әскери және қызметтік борышын атқарудағы жанқиярлығы үшін II дәрежелі «Айбын» орденімен Байдоллаев Нұрлан Қошқарұлы – Қорғаныс министрлігі 53975 әскери бөлімінің командирі және Долдаев Дамир Талғатұлы – Ішкі істер министрлігі Абай облысы полиция департаментінің аса маңызды істер бойынша аға тергеушісі және Садықов Орал Жексенғалиұлы – Ішкі істер министрлігі Абай облысы полиция департаменті Бородулиха ауданы полиция бөлімінің бастығы марапатталды.
Сонымен бірге III дәрежелі «Айбын» орденімен 4 адам, «Ерлігі үшін» медалімен 12 адам, «Ерен еңбегі үшін» медалімен 2 адам және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен 1 адам марпатталды.
Абай облысында болған орман өрті кезінде 60 000 га орман өртенді. Ірі өртті сөндіру кезінде «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ-нің 14 қызметкері, сондай-ақ өртті сөндіруге қатысқан тракторшы Сергей Архипов қайтыс болды.
Абай облысындағы өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитеті, ЖАО және Қорғаныс министрлігінен 1 800-ден астам адам, 350-ге жуық бірлік техника жұмылдырылған болатын.