Президент қол қойды: Электросамокаттардың қозғалысы заңмен реттеледі
Фото: kursiv.media
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Заңға сәйкес электросамокаттың максималды жылдамдығы сағатына 25 км-ден аспауы керек. Ол заңнамада техникалық сипаттамалары және пайдалану тәртібі көрсетілген құқықтық реттеуді және жүргізушілер үшін тыйым салулар тізбесін белгілейтін «шағын электрлі көлік» ұғымы пайда болды. Олар тек велосипед жолағымен жүре алады. Ал ондай жолақтар болмаған жағдайда жол жүру ережелерін сақтай отырып, жолдың оң жақ шетімен жүруге рұқсат. Осыған байланысты электросамокат тебетіндерге қатысты шектеу қойылды. Енді 18 жасқа толмағандарға және куәлігі болмағандарға жол үстінде самокат тебуге рұқсат етілмейді.
Сондай-ақ, бекітілген заңға сәйкес қорғаныш қалпағын киюі керек, сонымен бірге түнгі уақытта жүргенде көлік жүргізушілеріне көрінуі үшін самокат иелері жарыққа шағылысатын арнайы жолағы бар киім киюі тиіс.
Тротуарда немесе жаяу жүргіншілер жолында электр скутерлерінің қозғалысы сағатына 6 км-ден аспайтын жылдамдықпен рұқсат етіледі.
Бұл заңның мопед, велосипед, шағын электр көліктеріне жүргізушілеріне де қатысы бар. Сондай-ақ құқық қорғау органдарының басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген көлік құралдарын талаптарға сәйкестігін тексеру үшін көлік құралдарын тоқтату негіздерін белгілейтін түзетулер де енгізілді.
Сонымен қатар, құжат көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, жүргізуші куәліктерін және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін өндіруге мемлекеттік монополияны енгізеді.
22 маусым күні сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды мақұлдағана болатын.
Үкіметтің бұл заңды енгізуіне елдегі самокаттарға қатысты оқыс оқиғалар себеп болды. Айта кететін болсақ, жыл басынан бері самокатқа қатысты 44 оқиға тіркелген. Былтыр 1 адам қайтыс болды.