Росатом Боливияда литий өндіретін болды

Жарияланды
Китай увеличит контроль над производством лития в мире

«Ураниум Уан Груп» АҚ («Росатом» атом энергиясы жөніндегі Мемлекеттік корпорацияның ұйымы) YLB Боливия мемлекеттік компаниясымен Боливиядағы Потоси департаментіндегі литий карбонатын қазу және өндірумен айналатын кәсіпорын салу жөнінде келісті. Бұл туралы компания бапасөз қызметі хабарлады.

Бұл жобаға 600 млн доллар инвестиция салынбақ. Ресей-Боливия бірлескен жобасы аясында әлемдегі литий қорына ең бай елде өндірістің кешенді жүйесі – шикі литий қазудан бастап, нарықтағы дайын өнім алынады.

«Ураниум Уан Груп» АҚ (Uranium One Group, JSC) – бұл «Росатом» мемлекеттік корпорациясының TENEX компаниялар басқару контурына кіретін халықаралық компаниялар тобы. Бүгінде бұл халықаралық активтердің әртараптандырылған портфелі Қазақстан, Танзания және Намибия бар әлемдегі ірі уран өндіруші компаниялардың бірі.

Қазақстан үкіметі «Росатом» мемлекеттік корпорациясының Uranium One бөлімшесінің құрамындағы Uranium One тобына уран өндіретін үш кәсіпорынның 70, 50 және 30 пайыз үлесін беру туралы қаулы қабылдаған.

Түркістан облысы, Созақ ауданында орналасқан «Буденовское» кен орнының да үлесін «Росатом» сатып алған.

 Соңғы 10 жылда литий бағасы 18 есе қымбаттаған. Сарапшылардың болжауынша,  2022 жылы  да бағасы өсіп, ол литий-ионды батареяларды өндіруге инвестиция салған компаниялар акцияларына әсер еткен.

Сондай-ақ оқыңыз