Жұма күнгі сауда-саттықта Nikkei 225 мен Hang Seng индекстері төмендеді

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ірі мемлекеттердің биржа индекстері жұма күнгі сауданы еш динамикасыз аяқтады. Бұл күні инвесторлар соңғы статистика мәліметтерін бағалады, деп хабарлайды «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі.

Мемлекеттік статистика бюросы Қытайдың өнеркәсіптік сатып алу индексі (PMI) маусымда бір ай бұрынғы 48,8-ден 49 пунктке көтерілгенін хабарлады. Trading Economics мәліметтері бойынша, бұл нәтиже консенсус болжаммен сәйкес келді.

Индекс мәні 50-пункттен көтерілсе, өнеркәсіптік сектордағы белсенділіктің жоғарылауын, одан төмені – әлсірегенін байқатады. Көрсеткіш үшінші ай қатарынан бұл деңгейден төмен болып тұр.

Жапонияның Ішкі істер және коммуникациялар министрлігі елдегі жұмыссыздық мамыр айында бұрынғы 2,6% деңгейінде қалды деп мәлімдеді. Бұл көрсеткіш те сарапшылардың орташа болжамымен сәйкес келді.

Сонымен қатар Жапонияда мамыр айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі алдыңғы аймен салыстырғанда 1,6 пайызға төмендеді. Консенсус болжам да айтарлықтай төмен еді – 1%. Бұл қаңтар айынан бергі алғашқы құлдырау.

Оңтүстік Кореядағы бөлшек сауда мамыр айында 0,4%-ға, өнеркәсіп өндірісі 3,2%-ға өсті. Сәуірде бұл көрсеткіштер сәйкесінше 2,6% және 0,6% төмендеген. .

Сауда қорытындысы бойынша жапондық Nikkei 225 индексінің құны 0,1%-ға төмендеді.

Баға ұсыныстарының айтарлықтай төмендеуі Daiichi Sankyo фармацевтика компаниясы (-2,5%), Japan Exchange Group Inc биржа операторы(-2,4%), шыны өндіруші Nippon Sheet Glass (-2,3%) және Seven & I Holdings Co. (-2%) акцияларынан байқалды.

Сонымен қатар, Tokyo Electron, Keyence және Recruit Holdings технология компанияларының бағалы қағаздары 1%-ға, ал Sony Group пен Nintendo-ның құны сәйкесінше 0,7% және 0,6% арзандады.

Ал Takashimaya акцияларының бағасы 7,7%-ға көтерілді. Әмбебап дүкендер желісінің иесі бірінші қаржы тоқсанында таза кірісін 1,6 есе: 8,54 миллиард иенге (59 миллион доллар) дейін өсірген.

Қытайдың Shanghai Composite индексі 0,6%-ға өсті. Гонконгтағы Hang Seng жұмада 0,1%-дан аз құлдырап, жыл басынан бері 6,3%-ға төмендеді.

Гонконг қор биржасында Lenovo компьютерлік жабдықтар өндірушісінің акциялары 2%-ға, Meituan интернет-компаниялары мен Baidu бағалы қағаздары сәйкесінше 1,9%-ға және 1,3%-ға арзандады.

Одан бөлек, Alibaba және JD.com Inc. акциялары 1,2% және 0,4% төмендеген.

Бұл ретте China Unicom телекоммуникация компания бағалы қағаздарының бағасы – 5,9%-ға, China Resources Beer сыра қайнату компаниясы – 3,4%-ға, Geely автоөндірушісінің – 2,8%-ға, China Petroleum & Chemical Corp мұнай компаниясының акциясы 2,2%-ға өсті.

Оңтүстік Кореяның Kospi индексі 0,6%-ға көтерілді.

Korean Air Lines және Hyundai Motor 1%-ға, болат өндіретін Posco 0,1%-ға қымбаттады. Ал Samsung Electronics Co. акциялары 0,3% арзандады.

Сондай-ақ оқыңыз