АҚШ қор нарығы маусым айындағы соңғы сауда-саттық сессиясын өсіммен жапты. Инфляцияның бәсеңдеу белгілері инвесторлардың көңіл-күйін көтерді.
Dow Jones өнеркәсіп индексі 0,8%-ға көтерілді. Apple, Walmart және технологиялық алпауыт Microsoft акциялары жақсы өсті. Ал Nike, Boeing және IBM компаниясының акциялары арзандады.
S&P 500 кең нарықтық индексі 1,2%-ға өсті. Бүкіл сектор сауданы оң мәнде жапты.
Nasdaq Composite Technology Index 1,4%-ға көтерілді. Күн панельдерін жеткізуші Enphase Energy, хабар таратушы Sirius XM Holdings және бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуші Atlassian компанияларының акциялары қымбаттады. Аутсайдерлер қатарынан Micron Technology, Old Dominion Freight Line және CoStar Group компаниялары табылды.
«S&P 500 бір тоқсанда 8,3% көтерілсе, жарты жылда 15,9% жоғарылады», – деп жазады MarketWatch. Nasdaq Composite бірінші жартыжылдықта 31,7%-ға көтерілген, бұл – 1983 жылдан бері алты айдағы ең жақсы нәтиже.
Инвесторлардың оптимисттік көңіл-күйі мамыр айындағы базалық және жеке тұтыну индексі (PCE) инфляциялық көрсеткіштерінің бірін жариялаумен байланысты болды. Экономикалық талдау бюросының мәліметі бойынша, мамырда бағаның өсу қарқыны жылдық есепте 3,8%-ды құраған, ал сарапшылар оны 4,7%-ға жетеді деп болжаған еді. Бағаның өсу қарқыны 2021 жылдың сәуірінен бері ең төменгі көрсеткішті байқатты.
Nike акциялары 2,7%-ға төмендеді. Спорттық киім өндірушінің төртінші тоқсандағы табысы Уолл-стриттің күткенінен төмен болды.
Apple акцияларының бағасы 2,3%-ға қымбаттады. Уолл-стрит сарапшылары iPhone смартфонын өндіруші туралы оң пікірде. Citi сарапшылары Apple акцияларын сатып алуды ұсынады.
KASE индексі 0,28%-ға өсіп, 3 604,75 құрады. Акциялары қор индексіне енгізілген жеті компания бағалы қағаздарының саудасы аяқталды.
Лондон қор биржасында Қазатомөнеркәсіп бағалы қағаздарының бағасы 0,4%-ға қымбаттап, $26,85 құраған. Ал Kaspi акцияларының құны алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда өзгермей, $79,6 құрады, Halyk Bank GDR құны 0,4%-ға арзандап, $14,04 болды.