Шымкент МӨЗ-де АИ 95 автобензинін өндіру уақытша төмендейді, өнім Ресейден импортталуы мүмкін
Энергетика министрлігінің хабарлауынша, 3-14 шілде аралығында Шымкент МӨЗ-інде катализаторды регенерациялауға және каталитикалық риформинг қондырғысын іске қосу үшін жоспарлы тоқтау болады.
«Регенерация процедурасы SR 1000 риформинг катализаторының белсенділігін қалпына келтіруге және Т-251 шикізат жылу алмастырғышындағы ақау кезінде (АИ-95 автобензинін өндіруде қолданылады) «халық көп тұтынатын» АИ-92 автобензинін өндіруді сақтауға бағытталған», делінген хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, Т-251 жылу алмастырғы ақауының себебін анықтау және осыған ұқсас жағдайлардың қайталануына жол бермеу үшін «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және CNPC құрылтайшылары тергеу жүргізіп, іс-қимыл жоспарын әзірлеуде.
Айта кету керек, 15 наурыз бен 7 сәуір аралығында «ҚазМұнайГаз» АҚ еншілес кәсіпорны Шымкент мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.
Зауыт жұмысындағы жолғы жоспарлы тоқтауға байланысты елдегі автобензиндер өндірістік жоспарына өзгеріс енгізілді. Оған сәйкес:
– Атырау МӨЗ – АИ-95 премиум автобензинін өндіру 20-дан 45 мың тоннаға дейін ұлғайтылды, Аи-92 – 100 мың тоннадан астам деңгейде сақталады.
– Шымкент МӨЗ – АИ-95 премиум автобензинін өндіру 29 мың тоннаға төмендеді, Аи – 92 – 140 мың тоннадан астам деңгейде сақталады.
Энергетика министрлігі Аи-95-ке сұраныстың артуына байланысты, «PetroRetail», «Sinooil», «Helios» және «Газпромнефть» ірі АЖҚС желілері арқылы, Ресей Энергетика министрлігімен арадағы индикативтік жоспар шеңберінде АИ-95 автобензинін импорттау мәселелерін пысықтауда.
Қазіргі уақытта елдегі ЖЖМ жиынтық қор мынадай көлемде:
– автобензин АИ-92 – 357 мың тоннаны құрайды, бұл елдің 23 тәуліктік қажеттілігін жабуға жеткілікті; Аи – 95 – 50 мың тонна, 15 тәулікке жетеді; дизель отыны – 518 мың тонна, 28 тәуліктік қор бар.
Бұдан басқа облыстар мен Республикалық маңызы бар қалаларында әкімдіктер, Бәсекелестікті қорғау және дамыту және қаржы мониторингі агенттіктерінің, мемлекеттік кірістер және Табиғи монополияларды реттеу комитеттерінің өкілдері мұнай базаларында ЖЖМ бағаларының негізсіз өсуі мен ағындарына жол бермеу үшін қадағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
21 маусым күні Павлодар мұнай-химия зауыты бір айға жоспарлы жөндеу жұмыстарына жабылған болатын. Зауыттың тоқтауына байланысты бензин және дизель отынының 37 мың және 47 мың тонна қоры жинақталғаны хабарланды. Бұл қор зауытты жөндеу кезінде жанармайдың уақтылы жеткізіліп отыруына жағдай жасайтыны хабарланған еді.