«Такс фри» пилоттық жобасына Шымкент қаласы қосылды

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Премьер-Министр Орынбасарының – Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 710 бұйрығымен пилоттық жобаны іске асыру мерзімі 2023 жылғы 30 маусымнан 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Мемлекеттік кірістер комитеті туризмді дамыту мақсатында тауарларды ЕАЭО кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету кезінде туристерге ҚҚС сомасын өтеуді көздейтін «такс фри» пилоттық жобасын іске асыруда. Оған сәйкес шетелдіктің алып бара жатқан тауарының сатып алу құны 20 айлық есептік көрсеткіштен асуы керек.

Өзгерістер енгізілгенге дейін пилоттық жобаны іске асыру мерзімі 2023 жылдың 30 маусымына дейін бекітіліп, Астана, Алматы және Түркістан қалаларында орналасқан сауда субъектілеріне қолданылып келді.  Енді пилоттық жоба Шымкент қаласында да жүзеге асады.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 маусымда тіркелді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

Сондай-ақ оқыңыз