Алматының индустриалды аймағында биыл құны 15 млрд теңгелік 5 жоба іске қосылады
Алматының индустриялды аймағында биыл жалпы сомасы 15 млрд. теңгеге 5 жобаны іске қосу жоспарлануда. Соның негізінде мыңдаған жұмыс орны құрылады.
«Алматы индустриалды аймағы» ЖШС бас директоры Әлішер Сатыбалдиевтің айтуынша, онда түрлі өндіріс орындары ашылады.
«VALTHERM компаниясы – биметалды алюминий радиаторларын өндіретін зауыт ашады, «Green Innovation 2030» бірегей микроклоналды жылыжайы, «Ирригатор Қазақстан» тамшылатып суару бұйымдарын өндіру зауыты, «БСФ» лак-бояу зауыты, сондай-ақ «Әлем Тынысы» салқындатқыш сұйықтықтарын өңдеу зауыты болады» , – деді Әлішер Сатыбалдиев.
Оның мәліметі бойынша, биыл жалпы сомасы 11 млрд.теңгеге 5 жобаның құрылыс монтаждау жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Қазіргі уақытта Astana Motors Manufacturing Kazakhstan, Halavet KZ, Qazaq Prom Stroy, ТД Кама Қазақстан және ЖБИ Гарант сияқты компаниялар белсенді құрылыс жүргізуде.
2016-2022 жылдар аралығында ИЗА аумағында жалпы сомасы 124 млрд. теңгеге 27 жоба іске асырылды. Осы кезеңде компаниялар 1,1 трлн теңгеге өнім өндірді және 40 млрд. теңгеге салық төленді.
Сонымен қатар, жалпы ауданы 88 мың ш.м. 18 шағын өндірістік парктердің құрылысы жүргізілуде, құрылысқа инвестициялар сомасы – 10 млрд.теңге. Осылайша, 152 ШОБ субъектісін орналастыру жоспарлануда. Алматыда шағын өнеркәсіптік парктер бағдарламасы 2019 жылдан бастап іске асырылуда.
«Бағдарламаның артықшылығы – ірі өндірістік үй-жайларды салуға қалалық қаржы институттарынан 70 млн-ға ға дейін 6% – бен, ал резиденттердің 2% – бен қарыз қаражатын алуға мүмкіндік , олар кейіннен осы ғимараттарда орналастырылатын болады», – деп атап өтті Ә.Сатыбалдиев.
Қазіргі уақытта Алматы қаласының аумағында 29 жобаға шағын өнеркәсіптік парктер мәртебесі берілді. Инвестиция сомасы 14 млрд. теңгені құрайды.