Жаңалықтар

Дәурен Абаев Қазақстаннның Ресейдегі өкілетті елшісі болып тағайындалды

Фото: kursiv.media

Дәурен Абаев Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Президент тиісті жарлыққа қол қойды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», делінген хабарламада.

Абаев 2022 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қаңтарына дейін Мәдениет және спорт министрі болды. Бұған дейін 2020 жылдың мамыр айынан бастап президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2011-2015 сол кездегі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы және 2013-2016 жылдары оның кеңесшісі қызметін атқарды.

2023 жылдың наурыз айынан бастап ТМД-ның Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарған.

Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Көшербаев болған. 16 маусымда Президент жарлығымен Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.