Инновациялық гранттарға өтініш қабылдау басталды

Жарияланды

Фото: kursiv.media

«QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» технологияларды коммерцияландыру жобасын іске асырудың 1-ші кезеңіне, сомасы 20 млн теңгеге дейін инновациялық гранттар беру бойынша конкурс басталатыны туралы хабарлайды.

«QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен технологияларды коммерцияландыруға «Өнімді жетілдіру және жобаның инвестицияларды тартуын қоса алғанда, коммерцияландыру стратегиясын әзірлеу» жобасын іске асырудың 1-ші кезеңіне құны 20 млн теңгеге дейін инновациялық гранттар беру бойынша конкурстың басталатыны туралы хабарлайды», делінген баспасөз хабарламасында.

Инновациялық гранттар ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, аппараттық-бағдарламалық кешендерді енгізуге беріледі.

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 10 шілдесі мен 10 тамызы аралығында сағат 18:00-ге дейін жүргізіледі.

Конкурстың толық шарттары және талаптарымен агенттіктің сайтында танысуға болады.

Сондай-ақ оқыңыз