Solva дивиденттерін төлеп, банкке айналуға дайындалып жатыр
Фото: kursiv.media
Solva брендімен жұмыс істейтін «ОнлайнКазФинанс» микроқаржы ұйымы артықшылықты акциялар бойынша 7,3 млрд теңге дивиденд төледі. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтындағы хабарламада айтылды. Бұл қаражат жарғылық капиталды толықтыруға жұмсалады.
KASE-де жарияланған құжатта артықшылықты бір акцияға шаққандағы төлем мөлшері 730 мың теңге болатыны айтылған. Сонымен бірге өткен аптада компания ұйымдастырылмаған нарықтағы биржаға бағалы қағаздарды орналастырғаны туралы хабарлады. Бір акциясы 100 теңгені құрайтын 10 мың артықшылықты акцияны орналастыру жоспарланған болатын. Шығарылымның жалпы сомасы 1 миллион теңгені құрайды. Артықшылықты сатып алу құқығы акционерлерге, сондай-ақ ұйымның бағалы қағаздарының иелеріне тиесілі болды.
Solva Курсивке артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер 29 маусымда төленгенін мәлімдеген. Осылайша, компания МҚҰ-ды банкке айналдыру аясында өзінің жарғылық капиталын толықтырды. Мұндай рәсімді жүзеге асыру үшін жарғылық капитал кем дегенде 10 миллиард теңге болуы керек.
«Алынған дивидендтер жарғылық капиталды толықтыру үшін сол күні компанияға қайтарылды. Осы мәміле нәтижесінде компанияның меншікті капиталының мөлшері өзгерген жоқ, бөлінбеген кіріс азайып, жарғылық капитал 7,3 млрд теңгені құрайды», деп мәлімдеген компания өкілдері.
Солва төленген дивидендтерге қосымша 1,6 млрд теңгеге қосымша капиталдандыру жүргізілгенін, шығарылған және орналастырылған акциялардың көлемі 100,01 млн бірлікке жеткенін мәлімдеген. Ал KASE сайтындағы соңғы ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта компанияның жәй акциялары 11,2 млн бірлікке жеткен.
Жұма, 30 маусымда компания қор биржасына 29 шілдеге дейін орналастырылмаған барлық жай акцияларды орналастырылмаған артықшылықты акциялардың бірдей санына айырбастайтыны туралы хабарлады. Осыдан кейін ұйымның 88,79 миллион жай акциясы қалып, оларды биржаға бір акцияға 100 теңгеден орналастырады.
Өткен аптада Solva жалғыз акционері («Финтехфинанс» МҚҰ) компанияны микроқаржы ұйымынан Solva Bank-қа айналдыру туралы шешімін жарияланды. Қазақстанда жаңа банктің пайда болуы 2021 жылдан бері талқыланып келеді. 2022 жылдың желтоқсанында Solva қайта құрылымдау туралы жариялады. «ОнлайнКазФинанстың» 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы есептерінде МҚҰ «келесі бір жыл ішінде» банкке айналуы керектігі жазылған және конверсияға рұқсат алу үшін АРРФР-ге өтініш дайындайды. Трансформациядан кейін ұйым «ШОБ үшін №1 банк болуды» және кепілсіз қаржыландыруды жүзеге асыруды көздеп отыр.
«ОнлайнКазФинанс» Қазақстандағы банктік емес қаржыландыру нарығындағы кепілсіз қаражат беретін ең ірі МҚҰ бірі болып саналады. Ол 2016 жылдан бері жұмыс істейді. Компания микро, шағын және орта бизнес үшін цифрлық қаржылық шешімдерді ұсынады. Соңғы екі жылда осы ұйым арқылы Қазақстанның 58 мың кәсіпкері 69 млрд теңгеге қаржыландырылған.
«ОнлайнКазФинанстың» жалғыз тікелей иесі «Финтехфинанс» МҚҰ. 2023 жылдың 31 наурызындағы жағдай бойынша компанияда акциялары 25%-дан аспайтын бірнеше бенефициарлар болды, олардың ең ірілері Испанияда тіркелген финтех тобының негізін қалаушылар, Израиль азаматтары – Борис Батин мен Александр Дунаев. 2019 жылдың желтоқсанында ID Finance бизнесті екі топқа бөлді. Біріншісі – ID Finance Испания мен Мексикадағы несиелік қызмет көрсетеді, екіншісі – IDF Eurasia Ресей мен Қазақстанда қарыз брумен айналысады.
2022 жылы Ресей мен Украина арасында кең ауқымды соғыс басталып, Ресейге қарсы санкциялар енгізілгеннен кейін Солваның меншік құрылымы өзгерді. Батин мен Дунаев миноритарлық акционерлермен бірге «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелген Solva Group холдингі арқылы қазақстандық бизнестің акцияларына тікелей иелік ете бастады. Осыдан кейін Қазақстанда жүргізілген барлық операциялар заңды түрде басқа елдердегі бизнестен тәуелсіз болды.