Атырау мұнай өңдеу зауыты апта соңында мұнай өндірудің бұрынғы көлеміне жетеді – «ҚазМұнайГаз»

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Бүгін «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мирзағалиев Атырау мұнай өңдеу зауытына барып, МАЭК-тегі апат салдарынан электр қуатының өшуіне байланысты мәжбүрлі түрде өшірілгеннен қондырғылардың қайта іске қосылуы барысымен танысты.

«АМӨЗ мұнай өнімдерін қорлардан жөнелтуді жалғастыруда, ол көлем жеті күн тұрақты жөнелтуге жетеді. Мәселен, зауыт цистерналарында 26 мың тонна автобензин, 34 мың тонна дизель отыны, 1500 тонна сұйытылған мұнай газы, 6 мың тонна авиакеросин бар. Аптаның соңына дейін зауыт мұнай өнімдерін өндірудің бұрынғы көлеміне жетуді жоспарлап отыр», – деді журналистерге ҚМГ басшысы Мағзұм Мирзағалиев.

Еске сала кетсек, дүйсенбі күні Атыру мұнай өңдеу зауыты МАЭК-тегі апатқа байланысты тоқтап қалды.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда мұнай өндіру көлемі бір ай ішінде қалпына келетінін мәлімдеді.

МАЭК-тегі апат сонымен бірге Батыстағы бірнеше маңызды нысандардың жұмысының тоқтауына алып келген. Сейсенбі күні Үкімет отырысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов бірқатар станциялар мен мұнай ұңғымалары да істен шыққанын айтты.

Ал Үкімет басшысы Әлихан Смайылов елде жанар-жағар май тапшылығы болмайтнынын, кінәлілер жауапқа тартылатынын мәлімдеді.   

Сондай-ақ оқыңыз