Meta компаниясы Twitter-ге балама ұсынады

Жарияланды

Meta компаниясы Twitter-ге балама Threads микроблогтар қосымшасын іске қосады. Investing.com ақпаратына сәйкес, Threads қосымшасы App Store-да «алдын ала тапсырыс үшін» 5-шілдеден бастап болатыны айтылған.

Threads микроблогы 30 тілде ұсынылады, арасында орыс тілі де бар. Бұл қосымшада қолданушылар Instagram-дағы есептік жазбаларын және есімін пайдалана алады. Twitter-дегі секілді мұнда да мәтін хабарламасын жазып, өзгелердің жазбасына реакция білдіріп, пікір қалдырып, бөлісуге мүмкіндік бар.

Айта кету керек, Meta акциялары Nasdaq биржасында 3 шілде күнгі сауда-саттықта 0,33% арзандап, 4 шілде күнгі премаркетте тағы 0,11% құнын жоғалтты.

Осылайша, Meta иелері Twitter-дің иесі ауысқалы туындаған проблемаларды пайдаланып, нарықта орын алуға ниетті. Еске сала кетейік, 2022 жылдың қазан айында Twitter-ді Илон Маск сатып алған болатын. Соңғы тоғыз айда компания техникалалық проблемаларға тап келді, мыңдаған қызметкерін жұмыстан шығарып, көптеген пайдаланушыларынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыз