Қасым-Жомарт Тоқаев Джозеф Байденді АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Тәуелсіздік күніне орай Джозеф Байденге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Джозеф Байденді және Америка халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы өз жеделхатында Орталық Азия аймағының қауіпсіздігі мен өзара байланысын нығайтуға қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді», делінген баспасөз хабарламасында.
Өз жеделхатында президент Қазақстан мен Американың қауіпсіздікті қамтамасыз ету, энергетика, инвестиция тарту, климаттың өзгеруіне қарсы күрес салаларындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің және екі ел халықтары арасындағы қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өткен.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев барлық саладағы ынтымақтастықтың одан әрі табысты дами беретініне сенім білдірген.