Жаңалықтар

«ҚазТрансОйл» директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

фото: Kursiv.media

«ҚазТрансОйл» АҚ директорларының кеңесінің құрамы өзгергені туралы Қазақстан қор биржасына хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Марат Көшкенбайұлы Орманов өз өтінішімен 17 шілдеден бастап, директорлар кеңесінің құрамынан шығарылады. Сонымен қатар, 15 шілдеден бастап, директорлар кеңесінің мүшесі Марлен Армияұлы Оразбеков кеңес құрамынан шығарылады. Оның мүшеліктен шығарылу себебі туралы, компания баспасөз релизінде ақпарат берілмепті.

Көрсетілген өзгерістерді есепке ала отырып, «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесі төрт адамнан тұратын болады: Басқарма төрағасы Талғат Нәсимоллаұлы Құрманбаев және тәупелсіз директорлар: Агостини Винишиус Альвес, Адриан Фрейсине, Мартинес Лопес Альберто. Айта кету керек, директорлар кеңесіндегі төрт адамның үшеуі Қазақстан резиденті емес.

Аталған мерзімге дейін компания директорлар кеңесінің төрағасы болған Марат Орманов «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілі, бұл қызметті 2022 жылғы 19 мамырдан бастап атқарып келген еді. Компанияның акцияларын иеленбейді. Марлен Оразбеков те «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілі.