Нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде Үкімет басшысының «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» 2023 жылғы 26 қаңтардағы №49 қаулысына өзгеріс енгізу туралы 29 маусымдағы №512 қаулысы жарияланды.
«Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 49 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға қосымшада: реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері 550″, БАРЛЫҒЫ 354 деген жол мынадай редакцияда жазылсын: БАРЛЫҒЫ 635», делінген қаулыда.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.