Жаңалықтар

Ақпарат министрлігіне сайттар мен мессенджерлерге қол жеткізуді шектеу құқығы берілмек

«Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығы талқыланып жатыр.

«Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 32 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізіледі.

Бұйрыққа сәйкес, Интернет кеңістікте және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарманың құзыретіне жаңа функциялар беріледі. Атап айтқанда интернет-ресурсқа қол жеткізуді қайта бастау қағидалары әзірленеді және шетелдік онлайн-платформалардың және лездік хабар алмасу сервистерінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын заңды өкілдерінің тізілімін жүргізу қағидалары әзірленеді.

Атап айтқанда:

«Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу қағидаларын және оны есептеу әдістемесін әзірлеу; сараптама тобын құру, сондай-ақ балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті қарау қағидаларын әзірлеу; телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу;»;

«байланыс операторларына және (немесе) онлайн-платформалардың меншік иелеріне және (немесе) заңды өкілдеріне және (немесе) мемлекеттік техникалық қызметке «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 41-1-бабының 1-1 және 2-тармақтарында көрсетілген нұсқаманың күшін жою және интернет-ресурсқа қол жеткізуді қайта бастау туралы тапсырма;

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісу бойынша жедел-іздестіру қызметі субъектілерімен және байланыс саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді тоқтата тұру тәртібін айқындау;», деп көрсетілген

Құжат 17 шілдеге дейін ашық талқылауда болады.