Жаңалықтар

«ҚазМұнайГаз» компаниясының директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

коллаж Kursiv.media

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді. Бұл ақпарат KASE сайтында жарияланды.

«Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ акционерлердің жалпы жиналысының 2023 жылдың 27 маусымындағы шешімімен Компанияның Директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді. Жаңәділ Е.Б. алынды, орнына Отыншиев Е.М. сайланды», делінген ақпаратта.

Енгізілген өзгерістерге байланысты «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының» 8 адамнан тұратын директорлар кеңесінде енді Уолтон Кристофер Джон, Мырзағалиев М.М., Қарабалин Ұ.С., Холланд Филипп Малкольм, Бердіғұлов Е Қ., Жұбаев А.С., Арғынғазин А.А., Отыншиев Е.М. бар.

26 маусым күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдап, мұнай саласына ірі инвесторлар тартуды тапсырды.

Маусым айының соңында Fitch Ratings халықаралық агенттігі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұзақ мерзімді дефолт рейтингін «BBB-» деңгейінен «BBB», болжам – «Тұрақты» деңгейіне дейін көтерді.