Ұлттық банк жылдық инфляцияны 5%-ға айналасында ұстауға қолдау көрсетеді

Жарияланды
Фото: архив kursiv.media

Қазақстан Ұлттық Банкі инфляцияның ортамерзімді мақсаты нақтыланғанын хабарлайды. Осыған байланысты 2030 жылға дейінгі ақша-кредит саясаты стратегиясына тиісті өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы қаржы реттеушісінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Инфляция мақсатының форматы интервалдық мәннен – нүктелік (нақты) мәнге өзгерді. Бұған дейінгі аралық мәндер 2023-2024 жылдарға 4-5%, 2025 жылдан бастап 3-4% аралығында болған еді. Ортамерзімді перспективаға арналған инфляция бойынша нысаналы бағдар жылдық инфляцияны 5%-ға жуық көрсеткішінде ұстауға қолдау көрсетеді» ,делінген хабарламада.

Инфляция мен күтулерді 5%-ға жақындатуға мақсатты тұжырымдаудағы дәйектілік пен бірмәнділік ықпал етеді делінген ақпаратта.

ҰБ хабарламасында айтылғандай, инфляцияның мақсатын нақтылаудың орындылығы халықаралық тәжірибемен және халықаралық сарапшылармен қоса, Ұлттық Банктің жүргізген зерттеулерімен де расталды.  

«Инфляцияның жаңартылған мақсаты экономикалық шолудың арнайы шығарылымында жарияланған Қазақстандағы таргеттің оңтайлылығы жөніндегі зерттеулердің нәтижесі бойынша алынған диапазонға сәйкес келеді», делінген хабарламада.

Бұған дейін, Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған Ғалымжан Пірматов Ұлттық банк қабылдаған шаралардың нәтижесінде инфляция бәсеңдеп келеді және банк болжамына сай қалыптасып отырғанын мәлімдеген еді.

Айта кету керек, сәрсенбі, 5 шілде Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы кезекті шешімін жария етеді. Осы орайда сарапшылардың базалық мөлшерлеменің деңгейіне қатысты пікірлері екіге жарылды.

Сондай-ақ оқыңыз