Жаңалықтар

Алдағы үш күнде Қазақстанда 43 градусқа дейін ыстық болады

Фото: kursiv.media

Қазақстанда алдағы үш күнде 43 градус ыстық болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» баспасөз қызметі.

«Таяу тәуліктерде республиканың шығыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс облыстары атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады. 8 шілдеде солтүстік-шығыс бөлігінде ал 8-9 шілдеде республиканың оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, екпінді жел соғып, қатты жаңбыр жауады», делінген жұма күні таратылған ауа райы болжамында.

Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады.

«Осыған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Бүкіл кезеңде батыста, 9-10 шілдеде солтүстік-батыста, 10 шілдеде Қазақстанның орталығында өте қатты ыстық +43-ке дейін жетеді», дейді синоптиктер.