Елімізде ұялы байланыс қызметі үшін бағаны мемлекеттік реттеуді енгізу ұсынылды

Жарияланды
Фото: shutterstock

Бісекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына реттеуші саясаттың консультативтік құжатын ашық талқылауға шығарды.

Онда, Агенттік тарапынан ұялы байланыс ұсыну нарығының бүгінгі жай-күйіне талдау жасалған және ұялы байланыс қызметтеріне бағаларды мемлекеттік реттеуді енгізу ұсынылып отыр.

Агенттік мұның себебі «Тарифтердің өсуі және ұялы байланыс қызметтерінің сапасының төмендеуі», деп көрсетеді.

«Мемлекеттің монополиялануы және нарықтың жоғары шоғырлануы салдарынан операторлар арасында клиент үшін бәсекелестіктің төмендеуі байқалады, бағаның өсуіне, тұтынушыларға талап етілмеген қызметтерді жүктеуге, сондай-ақ байланыс және интернет қызметтерінің сапасына шағымдар көбейді», делінген хабарламада.

Құжатта көрсетілгендей, бүгінгі таңда Қазақстандағы ұялы байланыс нарығы дуополистік болып табылады, оған тек 2 нарық субъектісі – «Kcell» АҚ, «Мобайл Телеком – Сервис» арқылы «Қазақтелеком» АҚ компаниясының 62% үлесі бар тобы, сондай – ақ жеке оператор- 38%-бен «Кар-Тел» ЖШС қатысады. Нарық нарықтың жоғары шоғырлануымен (CR-2) және мемлекеттің басым қатысу үлесімен сипатталады.

«Қазақтелеком» АҚ тобындағы радиожиіліктерді иелену бойынша үлестің арақатынасы – 82%, «КаР-Тел» ЖШС – 18% құрайды.

«Жаңа тәуелсіз ойыншының пайда болуы салаға жеке инвестицияларды тартуға, бизнес-ахуалды жақсартуға, жұмыс істеп тұрған операторлардың тарифтік саясатына әсер етуге, сондай-ақ жоғары шоғырланған ұялы байланыс нарығында бәсекелестікті айтарлықтай күшейтуге мүмкіндік беретіні сөзсіз», делінген құжатта

Құжат 28-шілдеге дейін ашық талқылауда болады.

Сондай-ақ оқыңыз