Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік шекарасы шегенделді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.
«2023 жылдың 4 шілдесінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарт күшіне енді. Шартқа 2022 жылдың 22 желтоқсанында Ташкентте екі мемлекеттің басшысы қол қойды. Осы шарттың күшіне енуі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны халықаралық құқықтық шегендеудің 19 жылдық процесінің толық аяқталуын білдіреді», – деді брифингте.
Смадияров қос мемлекеттің арасындағы шарт күшіне ену үшін 100 раундтан тұратын келіссөз жүргізілгенін айтты.
«Ұзындығы 2 357 шақырым болатын шекара сызығы 1 301 шекаралық белгімен белгіленіп, көлемі 8 мыңнан парақтан асатын шегендеу құжаттары көрсетілді. Осы оқиға мемлекеттік шекара ауданында қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға, екіжақты өңіраралық және шекара маңындағы өзара іс-қимылды тереңдетуге ықпал етеді», – деді Айбек Смадияров.