Жаңалықтар

Ресейдің Екатеринбург қаласында Қазақстанның Бас консулдығы ашылды

Фото: primemministr.kz

Бас консулдық жұмысы Қазақстанның өңірлері мен кәсіпорындарының Ресей Федерациясы өңірлерімен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын кеңейтуге, сондай-ақ тиісті консулдық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Орал федералды округінің әкімшілік орталығы және ең үлкен қаласы Екатеринбург – Ресей Федерациясының қарқынды дамып келе жатқан өнеркәсіп, ғылым-білім, көлік-логистикалық және қаржы орталықтарының бірі.

Жаңа дипломатиялық нысанның жұмысы Орал федералды округінің бүкіл аумағын, атап айтқанда Свердлов, Челябі, Қорған, Түмен облыстарын, сонымен қатар Пермь өлкесін қамтиды. Жалпы осы консулдық округтің аумағында 90 мыңнан астам қазақ, оның ішінде Қазақстаннан келген 7 мыңнан астам студент бар.

Екатеринбург қаласында Қазақстанның Бас консулдығының ашылу рәсіміне Әлихан Смайылов қатысты.