Ресейлік депутаттардың Қазақстанға қатысты сөздеріне мониторинг жүргізіледі – Айбек Смадияров

Жарияланды
Айбек Смадияров
Фото: ҚР СІМ

Қазақстан елімізге қарсы айтылған ресейлік депутаттардың сөзіне мән бермейді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

Министрлікте өткен брифингте журналист «Ресейдің Виктор Соболев деген депутаты Қазақстанда русофобия бар деп пікір білдірді. Ол Украинадағы соғыс аяқталғаннан кейін осы мәселені қолға алу керегін айтты. Осындай ресми тұлғалардың Қазақстандағы русофобияға қатысты мәлімдемесі көбейіп бара жатыр. Бұл Ресейде казахофобияны тудырмай ма? Сыртқы істер министрлігі осындай мәлімдемелердің тоқтаусыз болып жатқанына алаңдамай ма?», деп сұрады.

«Біз ресейлік депутаттардың мұндай сөздеріне мониторинг жүргіземіз. Қазақстанға қатысты сыртқы саясатты тек Кремль мен Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі жүргізеді. Біз мұндай бос сөздерге аса мән бере бермейміз. Бірақ біз өзімізге ақпарат ретінде белгілеп отырамыз», – деді Смадияров.

Сондай-ақ оқыңыз