Тоқаев Шавкат Мирзиёевті сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Жарияланды

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесіп, оны президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының Президенті сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы дауыс беру қорытындысы елді орнықты дамытуға, оның тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз етуге бағытталған Өзбекстан Президенті ұстанымының жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын айқын көрсетеді деп атап өтті», делінген баспасөз хабарламасында.

Әңгіме барысында президент қазақ-өзбек қатынастарын стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізген. Сонымен бірге мемлекет басшылары бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты жүзеге асыру мәселелері жөнінде пікір алмасып, алдағы екіжақты іс-шаралар кестесін де қарастырған.

Айта кету керек, Өзбекстанда жексенбі күні өткен президент сайлауының алдын-ала нәтежиелері жарияланды. Оған сәйкес, елдің қазіргі басшысына сайлаушылардың 87,05 пайызы дауыс берген.

Сондай-ақ оқыңыз