Ұлттық экономика министрінің бауыры ұлттық компанияға басшылық қызметке барды

Жарияланды
Ермек Қуантыров / ЕЭК

«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ Құқықтық сүйемелдеу және сатып алу жөніндегі бас директордың тағайындалғанын хабарлады. Ол қызметті Ермек Қуантыров атқаратын болды. Ол Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың туған інісі.

5 шілдеден бастап «Қазатомөнеркәсіптің» құқықтық сүйемелдеу және сатып алу жөніндегі бас директоры болып тағайындалған Ермек Қуантыровтың функционалдық міндеттеріне құқықтық қамтамасыз ету процесіне басшылық жасау, халықаралық-құқықтық ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік ету, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі қызметті ұйымдастыру, сондай-ақ кешенді басқаруды жүзеге асыру және сатып алу процестері мен Компанияның корпоративтік басқаруына басшылық жасау кіреді, делінген ақпаратта.

Ол 1.0 президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі, Әділет министрлігінде әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеген, соның ішінде Ұлттық зияткерлік меншік институтын (Қазпатент) басқарған. Колумбия университетінің құқық магистрі (LL.M.) дәрежесіне ие. Қазатомөнеркәсіптің құқықтық сүйемелдеу және сатып алу жөніндегі бас директоры лауазымына тағайындалғанға дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры қызметін атқарған.

Сондай-ақ оқыңыз