Жаңалықтар

Әл-Фараби даңғылындағы көпір 8 жолаққа дейін кеңейеді

Фото: kursiv.media

Алматыдағы Есентай арқылы өтетін көпір сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматыда әл-Фараби даңғылы бойындағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірдің апатты жағдайына байланысты реконструкциялау жұмыстар жүргізіліп жатыр. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл учаскеде полимерлі асфальтбетон төселеді. Мұндай жол жабыны орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан басқа магистральды көшелердегідей қабыршақтар мен ойықтарды болдырмайды.

Сонымен қатар даңғылдағы көпірді реконструкциялау аясында онда қозғалыс жолақтарының саны алтыдан сегізге дейін: екі бағыт бойынша төртке дейін ұлғайтылады. Бұлайша жолдың кеңеюіне жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге арналған жеке көпір құрылымдарын салу арқылы қол жеткізілмек.

«Реконструкциялауды бастамас бұрын, 2022 жылы сауалнама жүргізілді. Бұл көпір құрылысының апатты жағдайда екенін көрсетті. Биыл оқу маусымы аяқталғаннан кейін біз реконструкцияны бастадық. Қаладағы барлық басқа жол жөндеу жұмыстары сияқты біз оны1 қыркүйекке дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Көпір құрылысын реконструкциялау үш кезеңде жүзеге асырылады: қазір тегістеу  жұмыстары жүргізілуде, содан кейін гидроизоляцияланады, содан кейін асфальт жабыны төселеді. Көпірде барлығы 96 діңгек бар. Бүгінде оның 27-сі ауыстырылды. Осы аптаның соңында біз монтаждау жұмыстарын жүргізілген учаскеде көлік қозғалысын ашамыз», дейді Сағындық Телібаев.

Бұған дейін қала әкімдігінің баспасөз қызметі биыл Алматының 230 көшесін жөндеуге 20 млрд теңге кететінін хабарлаған болатын.