Фото: ТЖМ
Атырауда қамыс өртеніп жатыр, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
«Қазіргі уақытта құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында 2 га алаңда қамыс өсімдіктерінің жануын сөндіру жүргізілуде. Өрттің жалпы аумағы 830 га құрады, қазіргі уақытта 2 га алаңда қамыс өсімдіктері бықсып жанып жатыр», делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта өрт болған жерге ТЖМ авиациасымен белсенді түрде су төгу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өрт басталғалы бері барлығы 167 рет шамамен 501 тона су төгу жұмыстары жүргізілген.
Өртті сөндіру жұмыстары тоқтаған жоқ.
Төтенше жағдайды жер үсті жұмыстары бойынша өрт сөндіруге 85 адам мен 14 бірлік техникасы жұмылдырылған.
Облыста +35 градусқа дейінгі жоғары ауа температурасы сақталады.
Бұған дейін Алматы облысы Іле-Балқаш резерватындағы қамыс өртенгне. ОлЕстеріңізге сала кетсек, 25 маусымда Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі Іле-Балқаш резерватында қамыс өртенгенін хабарлады.
29 маусым күні өртті сөндіруге бірнеше жылдар бойы қалыптасқан тереңдігі 1,5 метрге дейінгі қамыс қалдығы кедергі болып жатқаны хабарланған болатын.Онадғы өрт толық 2 шілде күні сөндірілді
Ал Астана маңындағы құрғақ шөптің өртенуі 26 маусымда толық сөндірілді. 19 маусым күні қала маңындағы құрғақ шөп жанып, Астана көк түтіннің астында қалған болатын.