Mercedes электромобильдерінің саудасы екі есеге өсті
АҚШ пен Германияда сұраныстың өсуіне байланысты Mercedes-Benz Group шығаратын электромобильдердің саудасы екінші тоқсанда екі есеге жуық өсті. Бұл туралы компания таратқан баспасөз хабарламасында айтылған деп жазады Интерфакс.
Бір жыл бұрын сатылған көлік саны 25,2 мың болса, биылғы жылдың соңғы үш айында 56,3 мыңға дейін жеткен.
Жалпы, өткен тоқсанда Mercedes-Benz 515,7 мың көлік сатып, саудасы 6% -өскен. Соның ішінде Еуропада сатылған көлік саны 157,1 мыңды құрады, өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға көп. Азия елдерінде сатылған автокөліктер саны 10% ұлғайып, 239,2 мыңға жеткен. Солтүстік Америкада да көрсеткіш 3% өсіп, 98,8 мың дана болды.
Ал, сейсенбі күнгі саудада Mercedes-Benz Group акциялары 0,2% өсті, ал жыл басынан бері оның құны 17%-ға қымбаттаған.