Тоқаевтың сынына ұшыраған ТЖ вице-министрі отставкаға өтініш берді

Жарияланды
отставка
Фото: gov.kz

Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков өз еркімен қызметінен босату туралы рапорт жазды. Бұл туралы «Курствке» министрліктің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қазіргі уақытта оны қызметінен босату туралы шешім келісу сатысынан өтіп жатыр», делінген хабарламада.

Естеріңізге саламыз, бір ай бұрын, Абай облысы «Семей орманы» резерватындағы өрт кезінде құрылған жедел штаб отырысында Президент Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Марат Күлдіковтің сөзін бөліп, оның баяндамасы негізгі мәселеден ауытқып кеткенін ескерткен. ТЖМ басшысы дер кезінде келмегенін, облыс әкімі орынбасарларын жіберіп, жұмысқа деген немқұрайлы қарым-қатынас жасалғанын баса айтқан еді Тоқаев.

Естеріңізге саламыз, Абай облысындағы алапат өртке байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-13 маусым күндері Вьетнамға жоспарланған ресми сапары кейінге шегеріліп, Президент 10 маусым Абай облысына барды. Тоқаев ТЖМ жұмысын сынға алып, Абай облысының әкіміне сөгіс жариялады.

Абай облысына барған Тоқаев Президент жанынан қор құрылып, қаралы отбасыларға жан-жақты көмек көрсетіліп, өтемақы төлененетінін мәлімдеді.

Алапат өртті сөндіруге кеткен 14 орманшы қаза тапты.

11 маусымда Қазақстан Президенті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына Абай ауданындағы өртті жою бойынша уәкілетті органдардың іс-әрекетіне баға беруді тапсырды. Кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, адам өліміне және қоршаған ортаға елеулі залал келтіруге әкеп соққанын ескере отырып, арнайы прокурор немқұрайлылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қаржы министрі 2023 жылы «Семей орманы» резерватына 6 млрд теңге бөлінгенін айтты.

Үкіметтің баспасөз қызметі Абай облысында өрттен қаза тапқандардың отбасыларына 7 млн теңге бөлінетінін қосымша әр балаға 2 млн теңге берілетінін хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз