Энергетика министрлігі 12 шілдеге жоспарланған көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған электрондық аукционға шығарылмайтын учаскелердің тізімін жариялады.
Ақпаратқа сәйкес, 12 шілдеде өтуі тиіс аукционға мына учаскелер шығарылмайды:
- Маңғыстау облысындағы Басқұмақ учаскесі;
- Қарағанды облысындағы Сайгачья учаскесі;
- Атырау облысындағы Шығыс Оңғар кен орны;
- Ақтөбе облысындағы Журун учаскесі;
- Атырау облысындағы Тасшағыл учаскесі;
- Атырау облысындағы Жұбантам-Жосалысай учаскесі;
- Батыс Қазақстан облысындағы Дарьинское кен орны;
- Батыс Қазақстан облысындағы Южно-Гремяченское кен орны;
- Атырау облысындағы Қиғаш учаскесі;
- Атырау, Маңғыстау облысындағы Азнагүл учаскесі;
- Маңғыстау облысындағы Жалғаной учаскесі;
- Ақтөбе облысындағы Батыс Жарқамыс II учаскесі;
- Ақтөбе облысындағы Сайғақ кен орны;
- Ақтөбе облысындағы Батыс Бозаба учаскесі;
- Атырау облысындағы Жантерек учаскесі;
- Атырау облысындағы Оңтүстік Таған кен орны;
- Маңғыстау облысындағы Солтүстік-Придорожное кен орны.
Айта кету керек, Энергетика министрлігі бұл нысандардың аукцион тізімінен алынып тасталуының себебін ашық түсіндірмеген. Аукционға қатысуға өтінімдер 26 маусымға дейін қабылданған болаытн. Аукционға барлығы 26 учаске қойылған еді.
Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған аукцион электрондық аукциондар операторының сайтында өткізіледі.