Bank of America-ға 250 млн доллар айыппұл салынды

Жарияланды

Фото: kursiv.media

АҚШ-тың қаржы нарығындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау бюросы (CFPB) Bank of America Corp-қа қомақты айыппұл салды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Қаржы ұйымы несие беру, несие карталары бойынша бонустарды ұстау және шоттар ашу кезінде пайыздық төлемдерді есептеуде заң бұзушылықтарға жол берген. Сондықтан қадағалаушы ведомсто 250 млн доллар айыппұл салу туралы шешім қабылдаған.

Оның ішінде банк құқықтарын бұзған тұтынушыларға 100 млн доллардан астам соманы қайтарады, сонымен қатар Қаржы нарығындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау бюросына 90 млн доллар және Ақша айналымын бақылау басқармасына (Office of the Comptroller of the Currency, OCC) 60 млн доллар айыппұл төлейді.

CFPB басшысы Рохит Чопра мұндай заң бұзушылықтарды анықтап, дер кезінде тоқтату керек деп есептейді.

«Bank of America несие картасының алымдарын дұрыс ұстамаған, комиссияларды екі рет алып келген және клиенттердің келісімінсіз шоттар ашқан. Бұл тәжірибе заңға сәйкес келмейді және тұтынушылардың сеніміне нұқсан келтіреді. CFPB бүкіл банк жүйесінде мұндай тәжірибелерді тоқтатуға ниетті», деді CFPB басшысы.

Салдарынан 2023 жылдың 11 шілдесіндегі саудада Bank of America акциялары 0,4%-ға төмендеді. Жыл басынан бері банкті капиталдандыру 13,8%-ға немесе 228,4 млрд долларға дейін азайды.

Сондай-ақ оқыңыз