Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 79 долларға тұрақтады
Фото: kursiv.media
Нарық қатысушылары АҚШ-та энергия қорлары туралы мәліметтер мен маусым айындағы инфляция туралы есептің жариялануын күтуде. Соған сәйкес сәрсенбідегі саудада «қара алтын» бағасы айтарлықтай ауытқыған жоқ.
Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстері барреліне 79,3 долларға дейін 0,10 долларға (0,13%) арзандады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада тамыз айына арналған WTI фьючерстерінің бағасы 0,1 долларға (0,14%) немесе барреліне 71,1 долларға дейін өсті.
11 шілдеде Brent маркалы мұнай 2,2%-ға, WTI 2,5%-ға қымбаттаған болатын.
11 шілдеден 12 шілдеге қараған түні жарияланған Америка мұнай институтының (API) деректері 7 шілдеде аяқталатын аптада АҚШ-тағы қорлардың артатынын меңзегендей. Көрсеткіш 3,026 млн баррельге өсті, ал Trading Economics сауалнамасына қатысқан сарапшылар «қара алатын» қоры орта есеппен 200 мың баррельге төмендейді деген болжам жасаған.
АҚШ Энергетика министрлігінің ресми есебі сәрсенбі жарияланады. Сарапшылар бұл деректер мұнай қорының 483 мың баррельге артқанын көрсетеді, деп есептейді.
Сондай-ақ трейдерлердің назары АҚШ-тағы маусым айында тұтынушылық бағалардың динамикасы туралы деректерге ауды, бұл келесі отырыстарда Федералдық резервтің шешімдеріне әсер етеді деп күтілуде. Инфляция туралы мәліметтер де 12 шілдеде жарияланады, сарапшылар мамырдағы инфляция 4%-дан 3,1%-ға дейін төмендейді деп болжайды.