Жаңалықтар

KASE-дегі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 15,2 %-ға немесе 20,8 трлн теңгеге өсті

Фото: Kase.kz

Қазақстан қор биржасы басшылығы Алматыда арнайы брифинг өткізіп, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылап, алдағы кезеңге жоспарларымен бөлісті.

«2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы KASE-дегі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 157,7 трлн теңгені құрап, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,2 %-ға немесе 20,8 трлн теңгеге өсті. Биржа индексінің мәні 10,9 %-ға 3 604,75 тармаққа дейін артты. Акциялар нарығының капиталдандырылуы 8,0 %-ға немесе 1,7 трлн теңгеге 22,9 трлн теңгеге дейін өсті», – деп атап өтті арнайы брифингте KASE басқарма төрағасы Алина Алдамберген.

2023 жылдың басынан бері сауда алаңының ресми тізіміне 31 эмитенттің 68 атауындағы бағалы қағаздар енгізілді, олардың 13-і алғаш рет листинг процедурасынан өтті.

Биылғы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша биржаның сауда тізімдерінде 224 эмитенттің 602 атауындағы мемлекеттік емес бағалы қағаздар болды. Бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде жеке тұлғалар 682 мың жеке шот ашқан.

«Батыс қор алаңдары 2023 жылдың бірінші жартыжылдығын талдаушылардың көпшілік болжамдарына қарамастан айтарлықтай өсіммен аяқтады: SP 500 16,36 %-ға, Nasdaq – 32,74 %-ға, ал Dow Jones – 3,84 %-ға өсті. Қор нарығының өсу үрдісі бастапқыда IT секторы компанияларының акциялары есебінен қалыптасты, бірақ екінші тоқсанда өсу басқа секторларға таралды және жартыжылдық қорытындысы бойынша жасыл аймақта экономиканың 11 секторының жетеуі жабылды. Маусым айының қорытындысы бойынша экономиканың барлық секторларында өсім байқалды», – деді KASE басқарма төрағасы.

Акциялар нарығында сауда көлемі 2,7 есе артты

Жыл басынан бері акциялар нарығының капиталдандырылуы 8,0 %-ға немесе 1,7 трлн теңгеге 22,9 трлн теңгеге (50,3 млрд USD) дейін өсті. Бұл ретте 2023 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша акциялар нарығының капиталдандырылуы 6,0 %-ға немесе 1,3 трлн теңгеге артқан.

2023 жылдың маусымның соңында KASE сауда тізімдерінде 87 эмитенттің 101 атауындағы акциялар болды, оның ішінде үш эмитенттің акциялары «Листингілік емес бағалы қағаздар» секторында айналысқа жіберілді. 2023 жылдың екінші тоқсанында эмитенттің бастамасымен KASE ресми тізімінен «Өскемен құс фабрикасы» АҚ-ның қарапайым акциялары алынып тасталды.

«Акциялар сауда-саттығының көлемі 2023 жылдың алты айында 147,2 млрд теңгені құрап, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2,7 есеге немесе 93,1 млрд теңгеге өсті. Сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 1,3 млрд теңгені, мәмілелердің орташа күндік саны – 2 694, бір мәміленің орташа көлемі – 455,4 мың теңгені құрады», – деді Алина Алдамберген.

Қайталама нарықта сауда-саттық көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7 есеге немесе 93,0 млрд теңгеге өсіп, 147,1 млрд теңгені құрады. Сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 1,2 млрд теңгені, мәмілелердің орташа күндік саны – 2 694, бір мәміленің орташа көлемі – 455,0 мың теңгені құрады. Екінші тоқсанда акциялар сауда-саттығы қайталама нарықта ғана өтті, онда акциялармен сауда-саттық көлемі 84,3 млрд теңгені құрады.

Қайталама нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттарының ішінде жеке тұлғалардың үлесі акциялармен мәмілелердің жалпы айналымының 45,2 %-ын құрады. Банктердің үлесі 2,8 %, брокер-дилерлердің үлесі – 9,1 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесі – 5,3 % құрады, өзге заңды тұлғалардың үлесі 37,6 %-ға жетті. Бейрезиденттердің қатысуы 33,1 % бағаланады.

KASE индексі 10,9 %-ға өсті

Жыл басынан бері KASE индексі 10,9 %-ға немесе 353,11 пунктке 3 604,75 пунктке дейін өсті. Индекстік акциялармен сауда-саттығының жалпы көлемі 123,2 млрд теңгені құрады. Сауда-саттықтың ең көп көлемі «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жай акцияларына тиесілі болды – 98,3 млрд теңге.

2023 жылдың 01 шілдесіне KASE индексін есептеу үшін өкілдік тізім тоғыз атаудағы акциялардан тұрады, 03 ақпаннан бастап KASE индексінің есебіне «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жай акциялары енгізілді.

«Kase global» секторында қандай өзгерістер тіркелді?

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында «KASE Global» секторында жалпы сомасы 9,1 млрд теңгеге мәмілелер жасалды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 49,5 %-ға немесе 9,0 млрд теңгеге төмен. Сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 76,2 млн теңгені, мәмілелердің орташа күндік саны – 228, бір мәміленің орташа көлемі – 334,0 мың теңгені құрады.

Сауда-саттықтың ең көп көлемі мынадай акцияларға тиесілі болды:

  • Apple Inc. – жалпы сомасы 1 139,2 млн теңгеге 2 214 мәміле;
  • Tesla Inc. – жалпы сомасы 853,8 млн теңгеге 4 242 мәміле;
  • Pfizer Inc. – жалпы сомасы 751,8 млн теңгеге 1 232 мәміле.

«Инвесторлардың негізгі санаттарының ішінде жеке тұлғалардың үлесіне 55,1 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне 23,4 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне 21,5 % тиесілі. Бейрезиденттердің қатысуы 1,1 % болып бағаланады», – деп атап өтті Биржа басшылығы.

Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы екі есеге жуық өсті

KASE-дегі МБҚ сауда-саттығының жиынтық көлемі 5,1 трлн теңгені құрап, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 83,4 %-ға немесе 2,3 трлн теңгеге өсті. Алты айдың қорытындысы бойынша сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 42,1 млрд теңгені (қайталама нарықта – 10,1 млрд теңге), мәмілелердің орташа күндік саны – 21 (қайталама нарықта – 13), бір мәміленің орташа көлемі – 2,0 млрд теңгені (қайталама нарықта – 0,8 млрд теңге) құрады.